Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Әйел керек кезде ауызын жабуы керек»: Абай Бегейдің әйелі отбасындағы жанжал туралы айтты

Танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова отбасындағы ұрыс-керіс туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Paryz.kz. 

«Әйел керек кезде ауызын жабуы керек»: Абай Бегейдің әйелі отбасындағы жанжал туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әншінің жұбайы Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырман тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді

"Ерлі-зайыпты болған соң реніш те болады ғой. Бірақ дәл қазір бізде 1000% түсінушілік. Ұрыссақ та сәлден соң дым болмағандай жүре береміз. Отбасы болу оңай емес, бірақ әйел адам ақылды болу керек. Керек кезде ауызды жауып. Кейін ер адам басылғасын сөйлесіп алуға болады. Біз 1-2 жыл жаман қырылып қалатын едік. Бірақ әр нәрсеге уақыт та керек демекші, қазір шүкір. Арасында ұрысамыз, бірақ тез қайтамыз", – деп жауап берді Фариза.

Сонымен қатар, Фариза әйел болмысы туралы да сыр шертті. Әйел өзін күтіп, үнемі күтініп жүру керек екенін айтты.

“Біз әйел қауымы өте эмоцияға берілеміз. Кейде өзіміз бір нәрсені ойлап алып, соған ренжіп отырамыз. Сіз ақылды болыңыз! Сөз ұқпайтын адаммен араласпаңыз. Керісінше, жақсылықты көп жасаңыз. Кең болса, кем болмайсың” деген сөз – менің ұраным. Қыз келіншектер, мүмкіндік болса, көмекші алыңыз! Неше жылдан бері көмекші мен бала күтуші алмағаныма өкінемін! Бала босанғаннан кейін, стресс алып, қатты қиналып қалған едім”, – дейді ол.