Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Жынды мінезім бар»: Ерке Есмахан өзі жайлы бар шындықты айтты

Ерке Есмахан желіде оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді, деп хабарлайды paryz.kz. 

«Жынды мінезім бар»: Ерке Есмахан өзі жайлы бар шындықты айтты
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. Сөзінше, қазіргі уақытта жолдасы екеуі сатып алған жер үйлерінің шаруаларымен жүр.

"Вилламыз салынып жатыр. Ол біткен соң, ойымдағыдай интерьер жасаймын деп отырмын. Ол үйге күйеуімнің де жоспары көп. Көшуге әлі біраз уақыт бар. Ең бастысы Алла қалап, сәтін салсын", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар өнер иесі мінезі жайлы бар шындықты айтты.

"Негізі жұмсақтығымның артында ашушаң, өзін қорғай алатын, айқайлап ұрысатын, қатты сөйлейтін, жынды мінезді Ерке бар. Қазіргі заманда тек майысып жүруге болмайды. Жақының да, алысың да басынып кетуі мүмкін. Сол үшін нәзіктіпен бірге басқа да қырларыңызды баланста ұстаған жөн", - деді Ерке.