Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Танымал әнші өзінен 6 жас үлкен, баласы бар келіншекке үйленудің қиындығын айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші, Ринат Шамшырақ үй болудан бұрын үйленудің қаншалықты қиын болғанын баяндап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Танымал әнші өзінен 6 жас үлкен, баласы бар келіншекке үйленудің қиындығын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Ринат көпшілік талқылаған махаббат хикаясы туралы толық айтып берді. 

Қарындасыммен ән айтып бастаған кезде жеке ән жазу туралы да ой болды. Жеке ән жазып, бейнебаян түсіретін болдым. Сол кезде Аружан бет әрлеуге келді. Есіктен кіргеннен көзіме оттай басылды. Ән бар еді ғой, "көрдім де бірден қадалдым" деген. Тура сондай болды. Зерттеп көрдім. Ойымнан кетпей қойды. Бір күні телефонын тығып қойып, мінезін байқадым. Бұл қыз жылап, "кеше ғана несиеге алып едім" деп. Мінезінің өзін үйдегі қарындастарыма ұқсаттым. Жеке парақшасын ақтарып отырып, бұрын тұрмыста болғанын білдім. Бір баласы бар екен. Менің махаббатыма бала да кедергі болған жоқ. Бетіммен бірге жүрегімді де әрледі, – деп ағынан жарылды әнші.

Өнер иесінің сөзінше, ең қиыны махаббаты жайлы отбасына айту болған. Ата-анасы мен ағайындары біразға дейін қарсылық танытқан. 

Әкем бірден жауапкершілікті өзіме жүктеді. "Жігіт болсаң, бәріне көнесің деді. Менің қарсылығым жоқ" деді. Анам қатты қарсы болды. Көзді ашып-жұмғанша үш жыл өте шықты. Шығармашылығым жайына қалды. Аружанды жақсы жағынан көрсете берсем де, анам ойынан бас тартқан жоқ. Ата-ананың келісімі бірінші орында болғандықтан, Аружанмен араласпай кеттім. Басқа қыздармен сөйлесе бастадым. Күйзеліс болды. Қазір күліп айтып отырғаныммен, сол кезде қатты қиын болды. Әулеттің үлкендері "бұрын босаға аттаған келін керек емес" деп кесіп айтты. Кейін анам менің жағдайымды көріп, ұнатқан қызыма үйленуге келісті, – дейді әнші. 

Еске салайық, бұрын тұрмыста болған әйелдің беташар тойын біраз адам сынаған еді.