Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Біреудің отбасын бұздың»: актриса Мадина Оспан өзі жайлы қауесеттерге жауап берді

Актриса Мадина Оспан «Мамский әңгіме» подкастында бұрын не үшін өзі және әнші Төреғали Төреәліге қатысты қауесеттер тарағанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.

«Біреудің отбасын бұздың»: актриса Мадина Оспан өзі жайлы қауесеттерге жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Актриса Мадина Оспан  әнші Төреғали Төреәлімен «Ұлы дала комедиясы» фильміне түскеннен кейін өзі жайлы қауесеттер тарағанын айтты.

«Кинода біреудің әйелін ойнаса, өмірде де бірдеңе болу керек деген сияқты көпшіліктің триггері шығар. Бірақ мынадай да сәйкестік болды: біз қазіргі күйеуіммен 2015 жылдан бері таныспыз. Оның да аты-жөні мен тегінің инициалы  -  ТТТ. Машинасының нөмірі де ТТТ. Ол мені түсірілімнен алып кететін. Көп адам менің ТТТ деген машинамен жүргенімді көреді. Оған қоса, мен кинаға дейін де сол адамға арнап жазба жазсам, астына хэштегке «Т» деп жазып қоятынмын. Мен оған, яғни жігітіме арнап жазып жатқанымды көрсін деп солай жазатынмын. Себебі ол кезде анама, туыстарыма жеке өмірім жайлы айта бермеймін, сол үшін солай жасыратынмын. Бірақ мен мұндайға дайын болмадым. Кейін кино шыққаннан кейін Төреғали Төреәлі де ТТТ,  менің де инстаграм парақшамдағы бұрынғы жазбаларымда «Т» деген хэштегтер бар. Халық дұрыс түсінбей, қоса бастады. Маған «біреудің отбасын бұздың» деп ауыр сөздер жазғандар да болды», - деді актриса.