Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Қараған сайын жүрегім ауырады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне жазба арнады

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алып, желіде оған әсерлі жазба арнады.

«Қараған сайын жүрегім ауырады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне жазба арнады
фото: әлеуметтік желіден

Тележүргізушінің айтуынша, жұбайының суретіне қараған сайын жүрегі ауырады. Ләйлә Сұлтанқызы алғыс айту күнінде жолдасы екеуінің ең бақытты сәтінен фото жариялап, оған деген сағынышын жеткізді. Тележүргізуші марқұм күйеуіне алғысы шексіз екенін айтты.

«Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем», – деп жазды журналист Instagram парақшасында.