Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Құдай мен күйеуім куә": Ерке Есмаханның пластикалық ота жасатқаны рас па?

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан пластикалық ота жайлы тақырыпты қозғап, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Өнер иесі сұлулық үшін мұндай қадамға барғанын жоққа шығарды, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

"Құдай мен күйеуім куә": Ерке Есмаханның пластикалық ота жасатқаны рас па?
Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан ел арасында өзіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды. Жстрада жұлдызы пластикалық ота жасатпағанын ашық айтты. "Ерке бетіне пластика жасатқан деп жазып, өз ішіндегі комплекстерді жұбататын әйелдер, қыздар өте көп. Көңіл-күйлеріңізді түсірейін бетіме ештеңе жасатпағанмын.

Қудай куә, күйеуім куә. Кішкентай қыз болдым, бойжеттім, есейіп ару болып әдемілендім. Ана болып әрлендім. Өзіме қатты күтім жасаймын. Табиғатты пластикаға жатқызу қате. Жалпы қазір блогер, әншілер бетін, мұрнын жасатып, қай жерін алып, қай жерін салып жатқанын ашық көрсетеді ғой. Қазіргі замандағы трендтерге неге таңғаласыздар", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.