Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Сатқындық жасады»: Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін ашып айтты

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева жақын құрбысы болған Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін ашып айтты. Ол екеуінің достығына қатысты бар шындықты ақтарды, деп жазады Paryz.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сатқындық жасады»: Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен неге араласпай кеткенін ашып айтты
фото: әлеуметтік желіден

Дильназ Ахмадиева Тимур Балымбетовке ашыла сұхбат беріп, достары жайлы жан сырын ақтарды. Өнер иесінің сөзінше, оның достықтан жолы болмады. Әнші тіпті жақын құрбысы Мақпал Исабековамен де араласпай кеткен. Қос жұлдыздың байланысын үзгеніне төрт жылдай уақыт болған.

"Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әр түрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Соңғы кезде қасымдағы жақындарым азайып қалды. Анамды есептемегенде жақын деген үш адамым ғана бар. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын", - деді Ахмадиева.