Әнші Мейрамбек Беспаевтың денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлады «Revue News».
Мейрамбек Беспаев жағдайына қарамай досы Ринат Зайытовтың жеке шығармашылық кешіне қатысты.
Кешке бірер сағат бұрын әншінің жағдайы қиындап ауруханаға түскен. Ринат Зайытов оның келмейтініне сенімді болыпты. Бірақ, дәрігерлерден жарты сағатқа сұранған Мейрамбек Беспаев шығармашылық концертте төбе көрсетті.
Осыған қатысты Мейрамбек Беспаев stan.kz тілшісіне пікір білдірген.
Өнер жұлдызының денсаулығына ақпарат агенттігінің ұжымы да алаңдап, жағдайын білмек болған. Алайда Whats App желісі арқылы хабарласқанда «Бәрі жақсы», – деп әнші қысқа қайырған.