Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Арамыздан мысық өтпесін»: Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Арамыздан мысық өтпесін»: Айдарбекова кенже келінін туған күнімен құттықтады
Фото: видеодан скриншот

Айдарбекова жүктеген видеодан келінін өзі, жолдасы және баласы құттықтағанын көруге болады.

Бүгін Индира келініміздің біздің шаңырағымызда алғашқы туған күні. Алла бақ берсін! Үлкен әулетті отбасына айналып, әрбір қуанышымыздың себепкері болып, Заңғар екеуі арман-мақсаттарына жетуін Алла жазсын! Ең бастысы, мен армандағандай, туған қызымдай отбасымызға адал болсын!, – деп жазды продюсер.

Продюсер кішкентайында сіңілі, есейген соң қызы болғанын арман еткенін де жасырмады. 

Кішкентайымнан туған сіңлім болса деп, есейген соң қызым болса деп армандап едім. Келін түскен сайын бар тілейтінім: адалынан болып, қызымдай болса екен. Келіндерімнің жаманы жоқ. Осыларды тәрбиелеген құда-құдағиларым да керемет кісілер. Кемедегінің жаны бір дегендей, арамыздан мысық өтпеуін тілеймін. Кіршіксіз жүрегімізге кір түспесін, – деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Заңғар Нұртас екінші рет үйленген еді.