Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Мен сияқты жүз адам болса, мемлекеттің экономикасы жақсарар еді»

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияны дамыту туралы айтқан болатын. Продюсер, әнші Ерболат Беделхан Adal Adam YouTube арнасында осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Мен сияқты жүз адам болса, мемлекеттің экономикасы жақсарар еді»
Фото: Rus.azattyq.org

«Біздің президентіміз осыны айтып отырғанына мен өте қуаныштымын. Президенттің өзі үш жыл бойы осыны айтып отыр – бұндай дүние бұрын болмаған ғой. Мен сияқты егеменді сарапшыларды шақырып, сол жерде (билікте) отырған азаматтар бірге жұмыс жасауға ниет танытты. Бұл, әрине, қуантады. Бірақ, нәтижесі қашан, қалай болатынын біз білмейміз. Біріншіден, заң қабылдауымыз керек. Авторлық құқық бойынша 96 жылы заң ең бірінші рет және ең соңғы рет өзгертілген. Содан бері бұл заң өзгертілмеген», - деді Ерболат Беделхан.

Продюсер егер әнші мемлекетке қарасты мәдени мекемелерде жұмыс істесе ғана оған назар аударылатынын айтты.

«Мен ешқашан мемлекетте істеген жоқпын. Өзіммен өзім, жеке кәсіпкермін. Мен сияқты жүз, мың адам болса, мемлекеттің экономикасы жақсарар еді. Мемлекет қарауындағы оркестрлар, филармониялар тек қана шығын. Олар ақша таппайды,  ішкі нарықты өндірмейді.  Экономиканың әрбір саласы өз-өзін қаржыландыру керек», - деді продюсер.