Атыраулық Нұргүл Зиханова Бейбіт Қорғаннан бала туғанын айтқан соң әнші ДНҚ тапсырды, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап.
"Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатсам да, бұл мәселе тұрақты бақылауымда. ДНҚ алу үшін ақыры оны сотқа сүйредік. Оның қан тапсыруға қалай келгенін көрсеңіз, шошисыз. Құдды бір отадан шыққан Майкл Джексондай, "Маска" шоуы маңырап қалады. Ауыр диагноздағы бала жайлы бірдеңе айтар ма деп едік, ләм-мимсіз ұзатылып жатқандай артына қайырылмай кетті. Бізден қашса да, ақыры Атырауда заң аясында Бейбіт Қорған өз қанын тапсырды", - деді ол.
Дина Төлепбергеннің сөзінше, нәтижесін сот бір айдан кейін жария етуге тиіс.