Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Мәңгілік махаббатым»: Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ғашық болған ба?

Белгілі композитор әрі әнші Алтынбек Қоразбаев жас кезін еске алып, Мақпал Жүнісоваға деген ғашықтық сезімге қатысты жауап берді. Өнер иесі оған «Мәңгілік махаббатым» әнін арнап шығарған, деп хабарлайды paryz.kz.  

«Мәңгілік махаббатым»: Алтынбек Қоразбаев Мақпал Жүнісоваға ғашық болған ба?
фото: әлеуметтік желіден

Алтынбек Қорақбаев Мақпал Жүнісованы әртіс ретінде жақсы көргенін алға тартты.

Мен шын ғашық болсам, ұзаққа жібермеймін, ұрып-жығам. Әзіл шығар, шын шығар, Мақпал кішкентай қуыршақтай қыз болатын. Оған ән арнап жазғаным рас. Осыдан 33 жыл бұрын «Мәңгілік махаббатым» деген әнді Әбдірахман Асылбекке жаздырдым. Ол кезде Мақпал 21 жаста еді. Салмағы небәрі 35 келідей болды ғой деймін. Одан аспайды. Алақанға көтеріп кететін кішкентай қыз болған. Ғашық болды деп жүректі шаша беруге болмайды. Мен Мақпалды жақсы көрдім. Әніне, өнеріне ғашық болдым. Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шыққасын жеңге болды. Қазір ағамыздың көзі кеткесін ол мені «аға» деп жүр, – деді композитор «Ұйқым келмейді» бағдарламасына сұхбат беру барысында.