Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Жабайы»: Дариға Бадықова батысқа неге күзетпен барғанын айтты

Aктриса Дариға Бадықова халықтың арасында күзетпен жүруге не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Жабайы»: Дариға Бадықова батысқа неге күзетпен барғанын айтты
Фото: видеодан скриншот

"Aq pen Qara" подкастында әртіс Атырау облысындағы мейрамханаға күзетпен баруға мәжбүр болғанын жеткізді.

Біз «болдық, толдық, күзетші беріңдер» демедік. Біз корпоративке бардық. Бізге де ақша керек, иә. Мейрамхана иесі өздері берді. Өйткені, халық жылына бір рет көңіл көтереді, қысылмасын деп. Әртүрлі адам бар, біреу бірдеңе істеп кете ме, тығып ала ма деп қорқамыз... Мен батыс өңірін жабайы деп айта алмаймын. Кассаның 70 пайызын батыс өңірінің халқы жасаған. Елге, жерге бөліну емес. Бірақ, батыс өңірінің халқы - жанашыр, - дейді Дариға Бадықова.

Ол бір кездері өзінің ауылына әншілермен барған кезінде көпшіліктің жабысып, артынан жүгіргенін де есіне алды. Жанкүйерлер Дариғаның шашынан жұлып, көп адам қысылып қалған.

Бір күнде 8 мейрамханаға бардық. Біреуіне күзетсіз кіреміз деп, өліп қала жаздадық. Бірінен шығып, біріне үлгермей жаттық, - дейді Дариғамен бірге сұхбат берген Олжас Абай.

Дариға Бадықова еліміздегі өнер иелерінің күзетпен жүргеніне қуану керек деп есептейді.

Өйткені, Голливудта әртістер күзетпен жүреді екен деп таңдандық қой. Бізде неге қуанбайды? Неге өзіміздің жетістігімізге қуанбаймыз? Қазақ спорт пен өнерден басқа несін дәлелдейді?, - деді актриса.