Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы 50 жасын дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Түрлі медиа өкілдерін шақырған мерейтойда қонақтар үшін арнайы қызыл кілем төселген. Сондай-ай, арнайы қонақ ретінде ресейлік әнші Валерий Меладзе да шақырылған.
Оқырмандар тарапынан туған күн иесіне түрлі пікірлер қалдырған. “Жап-жас қыз сияқты”, “сұлусың Баян”, “қазақтың барбиі”, “туған күнің құтты болсын” т.б.
Инстаграм желісіне жүктелген видеоларды қарасақ Баян Мақсатқызы мерейтойында 3 түрлі образда киінген. Одан бөлек Қайрат Нұртас өзінің үстіндегі костюмін шешіп, сыйға береді.