Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алтынай Жорабаева алғаш әке атанған күйеуінің қандай сезімде жүргенін айтты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаеваның кеше ғана әке атанған отағасы бүгінде бар көңілін перзентіне арнап, бала күтімін өзі қадағалап жүр, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Алтынай Жорабаева алғаш әке атанған күйеуінің қандай сезімде жүргенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Алтынай Жорабаева күйеуі мен жаңа туған қызының қарым-қатынасы туралы Instagram парақшасында айтып берді. 

Әншінің сөзінше, жолдасы баланы қалай ұстауды жаңа туған анаға үйретіп жүрген көрінеді.

Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде, - деп жазды әнші.