Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын»: Алтынай Жорабаева қалай босанғанын айтты

45 жасында бесінші мәрте сәбилі болған әнші Алтынай Жорабаева босану процесінің қалай өткенін айтып берді, деп жазды Paryz.kz. 

«Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын»: Алтынай Жорабаева қалай босанғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Әнші қызына қандай есім қойғанын да жариялады. 

Амина Әлішерқызы! Қош келдің, ботам! Бес қызым – бес бармағым! Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім! Сіздердің: “Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу – үлкен жеңіс. Дәрігер-гинекологтарға алғысым шексіз. Серіктестікке әпкем кірді.
Еркектің серіктестікке кіргенін құптамаймын. Әлішерім онсыз да қатты уайымдап, қобалжып, есіктің сыртында дұға жасаумен болды. Әпкем толғатып жатқанда да, босанғанша Құран оқып отырды. Уақытылы жауап бере алмай жатырмын. Кешеден бері енді ес жинап, қолым телефонға енді жетті. Бізге тілеген ниет-тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын!, – деп жазды жас ана.