Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Үш рет босандым»: Баян Мақсатқызы ешқашан айтпаған сырын бөлісті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Мамский әңгіме жобасында өзінің үш рет босанғанын, ал Айсәуле оның екінші рет көтерген баласы екенін айтып жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Үш рет босандым»: Баян Мақсатқызы ешқашан айтпаған сырын бөлісті
Фото: видеодан скриншот

Баян Мақсатқызы алғашқы баласынан қалай айырылып қалғанын айтып, сырын бөлісті.

Айсәуле қызымның алдында менде түсік болды. Айсәуле екінші рет көтерген балам. Мен үш рет босандым. Баламнан 36-шы аптада айырылып қалдым. Өте ауыр болды. Бұл менің алғашқы күйзелісім еді. Ол кезде жиырма жаста болдым. Физикалық тұрғыдан өте ауыр болды, өлген баланы босану үшін он күндей жүрдім,- деді ол.

Сонымен қатар ол ішіндегі өлі баланы босану үшін қаладағы ешбір перзентхана қабылдамағанын айтты. Олар тіптен ата-анасынан қолхат алып, "егер бірдеңе бола қалса ешқандай шағым түсірмейміз", деп жаздырып алған.