Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Танымал продюсер бопсалау мен терроризмнің құрбаны болғанын айтты

Танымал «Келінжен» сериалының продюсері Гүлнұр Мамасарипова ескі жылға есеп беріп, өзін әлдекімдердің бопсалағанын айтты, деп хабарлайды  Paryz.kz. 

Танымал продюсер бопсалау мен терроризмнің құрбаны болғанын айтты
фото: әлеуметтік желіден

Алайда ол постының соңына негатив пікір жазғандарды бұғаттайтынын жазды.

Бір қорытынды пост жазбасам болмас. Өтіп бара жатқан жыл мен үшін қаншалықты жеңісті, жемісті болса соғұрлым «әттеген-айы» көп жыл болды. Кейбір актерларым басыма мініп, секіріп, абьюзерлік іс-әрекет жасаған жыл болды. «Киношный насилиеге» ұшырадым ал. Бопсалау мен терроризмнің құрбаны болдым. Бірақ мен әр қазақ әйелі сияқты дымымды шығармай шыдадым. Алдағы жылы мен көп вирустарға вакцина салдыртып алдым, имунитет қалыптастырдым, шүкір! Мені көре алмаайтын, ақшамды санайтын, біздің арқамызда деп сыртымнан пышылдайтындарға да ризамын. Я вас проработала, кармаларың өздеріңмен кетсін! Обшым год был интересным, но все самое интересное впереди!

Жаңа жылда жаман коммент жазғандар оңбайды екен. «Осы сіз-ақ анау-мынау деп өкпелеп жүреді екенсіз» дейтін хейтерлер блокқа кетесіңдер! Менің де айтуға құқым бар! Мен де ет пен сүйектен жаралғам! Менің де жүрегім бар! Канце канцов мен де әйелмін пашамайт! Айтқым келеді бәрін!, – деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, медиаменеджер денсаулығы сыр бергенін жеткізді.

Мен ауырып қалдым. Ыстығым түспейді. Айланың атасы жұмысқа шық деп жатыр. Температурамен алысып жатырмын. Арасында әлеуметтік желіге бас сұғып қоямын. Түсінгенім – қоғамдағы басты тақырып – төсек екен. Ол туралы еркектер қатты кеңес беріп жатыр. «Әйел төсекте түрлену керек, образдарға ену керек, күйеуі барлығын әперу керек» деген пікір оқыдым. Биылғы жыл қиындау өтеді деп жатыр «білгіштер». Менің ойымша Құдай біледі. Ал біз ішкі мәдениетімізді байытайықшы. Жаман мен жақсыны ажырату үшін де ми керек, – дейді медиаменеджер.