Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Емін таба алмады». Актер Жахан Отарғалиев сырқаты туралы айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев біраз уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, сырқаттанып қалғанын айтты, - деп хабарлайды paryz.kz. 

«Емін таба алмады». Актер Жахан Отарғалиев сырқаты туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Аурудың қай-қайсы да жаман ғой. Дәл қазіргі жағдайым, - деп Жахан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында суреттерімен бөлісті.

Оның сөзінше, бұл ауруына Қазақстаннан да, Қытайдан да ем табылмаған.

 Дәл қазір қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсінбедім. Осыған байланысты барлық жұмыстарымды тоқтаттым. Енді Ыстамбұлға бара жатырмын, - деп жазды актер.