Танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова күйеуін сахнаға қалай дайындайтынын көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол Instagram парақшасында видео жариялап, жолдасына 20 жыл бойы қызмет етіп жүргенін айтты.
Видеодан жолдасы сахнаға шығар алдында кофе әзірлеп, киіміндерін үтіктеп, сахна сыртындағы жұмыстарды тексеріп жүрген Мөлдір Мұқанованы көруге болады. Әзілкештің жары бұл қызметте жүргеніне 20 жыл болғанын айтты.
Сондай-ақ тағы 40 жыл бойы қызмет етуге дайын екенін жеткізді.
Осылай жүргеніме 20 жыл болыпты. Енді 40 жыл қызмет етуге дайынмын. Сосын демаламыз. Сенің жетістігің – менің жетістігім. Алла жар болсын, – деді Мұқанова.