Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Мен әлі сәукеле киіп ұзатыламын»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында сұхбат беріп, жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

«Мен әлі сәукеле киіп ұзатыламын»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

- Өмірімде бір қағида бар: мен ештеңеге өкінбеймін. Өмірімде болып жатқан жағдайлардың бәрі Алланың қалауымен, құдайдың жазған тағдырымен болып жатыр. Өкініш деген нәрсе – ол Алланың саған бұйырғанына келіспеу. Ол өте қорқынышты нәрсе. Мен де еш өкініш жоқ. Барлығы өз орнымен, өз уақытымен болып жатыр деп ойлаймын.

 
Өнер иесі келешектен үміті көп екенін айтты:

- Әкеме «Мен әлі сәукеле киіп ұзатыламын» деп айтамын. Бұйырсын деп тілеймін. Мен тағдырыма не жазылғанын білмеймін ғой. Сол себепті сондай бұйрық болып жатса, мен қарсы емеспін. Болмай жатса, оған да шүкір. Жалғыз емеспін. Сол орынды толтыратын менің халқым бар, өзімді бақыттымын деп айта аламын, - деді әнші.