Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Ата-анам мені емдету үшін үйімізді сатқан»- Жігер Ауыпбаев

Әнші Жігер Ауыпбаев «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өміріндегі қиын кезеңдер туралы сыр шертті. Өнер иесі бала кезінде қатты сырқаттанғаны туралы айтты.

«Ата-анам мені емдету үшін үйімізді сатқан»- Жігер Ауыпбаев
фото: әлеуметтік желіден

- 6-сынып оқып жүрген кезде қатты сырқаттанып, өлім аузынан қалғаным бар. Маған ота жасалды. Бұл біз үшін қиын кезең болды. Девальвация, ата-анам жұмысынан қысқарып, ақша болған жоқ. Мен де қырсыққанда қатты ауырып қалдым. 6-7 айдай ауруханада жаттым. Үйді сағынғаным соншалық – дәрігерден сұранып, ауруханадан бір күн ерте шықтым. Үстімдегі киімім жұқа. Ауруханадан емес, түрмеден шыққандай болдым. Қуанып үйге жүгіріп келсем, бөтен кісілер есік ашты. Сөйтсе менің дәрі-дәрмегіме ақша керек болып, ата-анам үйімізді сатып жіберген.

 Сұхбат барысында әнші сол кездегі өзінің эмоциялық жағдайы туралы да айтты:

- Өзімді қатты кінәлап жүрдім, депрессия болды. Бір жағынан бұл маған мотивация болды. Қайтсем де әнші боламын деп, ата-анама үй алып беруді мақсат тұттым, — деп бөлісті ол.