Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Маған арнап ән жазбады»: Роза Рымбаева марқұм Ескендір Хасанғалиев туралы естелігін айтты (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева марқұм композитор Ескендір Хасанғалиев туралы естелігін бөлісті. Әншінің репертуарындағы “Әдемі-ау” әнінің шығу тарихын да айтып берді. Бұл туралы Paryz.kz ақпарат порталы “Бірегей” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Маған арнап ән жазбады»: Роза Рымбаева марқұм Ескендір Хасанғалиев туралы естелігін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Өнер иесі композитордың әнін орындап жүргеніне 50 жылға жуық уақыт болған. 

Ескендір ағаның әнін 1975 жылы бірінші рет қазақ радиосында орындадым. Өзім де алғаш рет симфониялық-оркестрдің сүймелдеуімен ән айттым. Өкінішке қарай ағам маған арнап ән жазған жоқ. Бірақ “Әдемі-ау” әнін орындап, бірінші рет фонограмма жаздырғаным есімде. Сол радио арқылы халық мені таныды. Одан кейін біраз концертімде шырқадым. Сол әнмен Алматыға келуімді де байланыстырамын. Әнді айтып жүргенде Алматыға әлі келмеген едім. “Әдемі-ау” менің жолым мен бағымды ашқан ән болды. Маған дейін Роза Бағланова апамыз орындаған болатын, – еске алды жастық шағын. 

Сондай-ақ, халық әртісі Ескендір Хасанғалиевті алғаш көргенін де ұмытпаған.

Ескендір аға мен Нұрғали ағаның дуэті керемет болатын. Ауылда жүргенде теледидардан көретінбіз. Екеуі қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі. Сұлу да сымбатты композиторымыз. Халыққа әндері кең тараған тұңғыш эстрада композиторы деп айтуға болады, – дейді әнші.