Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Тіл-көзден барынша сақтандым»: Танымал блогер Фариза Төреәлі сәбилі болды (ФОТО)

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, танымал блогер Фариза Төреәлі сәбилі болды. Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Тіл-көзден барынша сақтандым»: Танымал блогер Фариза Төреәлі сәбилі болды (ФОТО)
фото: әлеуметтік желіден

Блогердің жазуынша, ол 9 ай бойы тіл-көзден сақтанып, жүктілігін жасырып келген.

9 ай бойы жүктілігімді көпшіліктен жасырып келдім, себебі тіл-көзден барынша сақтандым. Алла қалап дүниеге сәби алып келіп бәрін сезініп бастағанымыз сол еді артынша денсаулығыма байланысты жағымсыз жайттар орын алды. Жақындарымыздың бәрі дайындалып, роддомнан шығаруға ұшып келіп, дәл выписка күні анализдер нәтижелері болмай шығармай қойған еді.

Сондай-ақ, ол денсаулығының сыр беруіне байланысты 7 күндік баласын қалдырып, Түркияға ем алуға барғанын да жазды.

Бірнеше күндерден соң толық тексеріс керек екендігін, содан соң диагноз қойылатынын айтып шығуға рұқсат берді. Ұзақ күткен бақытты күнімізде солай қалай қуанарымызды білмей қалдық, түрлі сезімдер ойнап жатты. Бірден Түркияға баруға жолдасым тез шешім қабылдап, келесі күні 7 күндік баламызды қалдырып кетуге мәжбүр болдық. Бұл да Алланың жоспары.

Енді ғана босанған әйел үшін түрлі-түрлі эмоцияларды бастан өткізу оңай болмады, әсіресе қиынға соққаны бөпемді қалдыру.. Ең бастысы бәрі артта қалып оңынан реттелді.