Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Уылдырық шашып»: Тамара Асардың Еркеге арнауы талқыға түсті

Танымал әнші Тамара Асардың Ерке Есмаханға жазған тілегі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Уылдырық шашып»: Тамара Асардың Еркеге арнауы талқыға түсті
фото: әлеуметтік желіден

"Ағысқа қарсы жүзген екі ғашық
Бүгінде жатыр екен уылдырық шашып,
Еркені туған күнмен құттықтайық
Шын ниетпен қуанып көңіл тасып!!!

Құрметті Райым Ерке кішкентайлы болуларыңызбен құттықтаймын!!! Сіздер үйленгенде ағысқа қарсы жүзген бағыттарыңыз бақытқа толы болсын деп едім!!! Тола берсін!!! Еркеш туған күнің құтты болсын!!!", - деп Тамара Асар жүрекжарды тілек білдірген.

Алайда Тамара Асардың оқырмандары "уылдырық шашып" деген сөзін қызу талқыға салған. 

"Қисыны келмейтін бір теңеу, сөздерді осы атағы артқан,аты шыққан адамдар көңіл көбірек бөлінсін деп әдейі айтады ма деп ойлаймын. Уылдырық шашып дегеннен басқа лексиконда сөз таусылып па? Сонда адам махаббатын балыққа теңегені ме?"

"Уылдырық шашып дегенге неге сонша негатив жазып жатырсыздар? Ол кәдімгі қазақтың ойлы сөздері тұқымдарың көбейсін. Ұрпақтарың көп болсын деген. Ағысқа қарсы ағып дегені де кейбір жаман пікір айтатын адамдардан артық сөз естіп жатырсаңыздар да бақыттысыңдар. Бақытты болыңдар дегені. Тамара сіңліміз өте мәдениетті ойлы түрде құттықтады. Батыстың батыр қыздары ғой"", - деп желі қолданушылар жарыса пікір білдірді.