Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Аула сыпырып жүріп, үй алдық»: Гүлзира Айдарбекова алғаш пәтер алған кезін еске алды

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алғаш рет пәтер алған кезін еске алды. Пәтер алу жолына қандай қиындыққа тап болғанын да оқырмандарына бүкпесіз баяндады.

«Аула сыпырып жүріп, үй алдық»: Гүлзира Айдарбекова алғаш пәтер алған кезін еске алды
Коллаж: stan.kz

Продюсердің айтуынша, жолдасы Нұртас екеуі екі жақтан жұмыс істеген көрінеді. 

“Нұрекем де күндіз-түні тынбай жұмыс істеп, үйге ақша жинады. Жас отбасы болғандықтан мен де көмектескім келді. Аула сыпырушы болып жұмысқа орналастым. Көшеде жүргенде қатты қорқатынмын. Таныстар мен көршілер көріп қоймаса екен деп бетімді жерден алмай сыпыра беретін едім. Үлкен әже болып киініп, тек көзімді ғана ашып жүру қиын болса да, шыдадым. Жұмыстан намыстанып тастап кеткім де келген күндер болды. Бірақ мақсатымыз айқын болғасын соңына дейін көнуге тура келді. Сол кезде арсыздықпен ақша таппай, адал еңбекпен жұмыс істегеніме қуанамын.Бірақ аула сыпырушы жұмысынан шықтым. екінші мүмкіндіктің ашылатынын білдім”, – дейді продюсер. 

Сондай-ақ, тұңғышы Қайратқа жүкті кезде саудамен айналысқанын да жасырмады. 

“Қайратқа айы-күнім жетіп, ауылға босануға бардым. Сол кезде ауылдың дүкендерінде импорт деп аталатын киімдер келіп жатыр екен. Ол кезде ешкім бренд деген сөзді білмейді. Сол киімдердің бәрін сатып алып, жоспарымды өзгертіп, қалаға әкеліп таныс қыз-келіншектерге саттым. Қалада ондай киімдер қымбат әрі тапшы. Нұрекеңе саудаға шығатынымды айттым. Ол да қарсы болмады. Ауылдан әкелген киімді бір күнге жетпей, жатақханада тұратын қыз-келіншектер талап алып кетті. Күніне 200-300 сом ақша таптық. Нұрекең екеуіміз 15 күнде алғашқы көлігімізді алдық. Көп ұзамай армандаған бір бөлмелі пәтерге ие болдық”, – деп еске алды продюсер.