Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Меруерт Түсіпбаева келінді қолда ұстап, жұмсауға қарсы екенін айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева  "Ұйқым келмейді" бағдарламасына қатысып, ене мен келін тақырыбына қатысты ойымен бөлісті. 

Меруерт Түсіпбаева келінді қолда ұстап, жұмсауға қарсы екенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, келінін қолда ұстап, жұмсап отыру дұрыс емес. 

Келін мен ене тақырыбы мен үшін өте маңызды тақырып. Келінді бөлек қою керек. "Сен мынаны жаса, менің үйімде тұрасың, киімімді үтіктейсің, тамағымды дайындайсың" деген қате нәрсе. Баланың үйі дайын, үйлендім дегенде бөлек кетеді. Сен жақсысың, мен жақсы. Дәл қазіргі уақытта келінін қолда ұстап, құл сияқты жұмсап отырған енелерге қарсымын. Олай істеуге болмайды. Оның өз өмірі бар. Сенің өз өмірің бар, дейді әнші.

Сонымен қатар ол өз ұлы үйлене салысымен бөлек шығаратынын, алайда немере бағуға дайын екенін айтты.

Ертең ұлым үйленгенде тойы біте сала өз үйлеріне жіберемін. Бөлек тұрсын. "Сен маған тиме, мен саған тимеймін" деймін. Өз өмірлеріңді өздерің сүріңдер, шетелге барып қыдырыңдар. Ал немере бағамын, дайынмын. Өйткені мен баламды бақпадым. Бәрін тастап, немере бағуға дайынмын...

Баламның мінезі тұйық, жабық, ерке. Болашақ келініме қояр талабым жоқ. Ең бастысы баламды жақсы көрсе, сыйласа, аяласа, адал болса болды. Өйткені балам жалғыз ғой. Менде мәңгі емеспін. Келінім мейірімді, инабатты болса деймін. Мені жақсы көрмесе де, баламды жақсы көрсе жетеді, - деді әнші Меруерт Түсіпбаева.