Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жақында ұлын үйлендірген Өмірқұл Айниязов келінінің қалыңмалына қанша бергенін айтты

Тамыз айында ұлын үйлендірген әнші Өмірқұл Айниязов келініне қанша қалыңмал бергенін айтты.

Жақында ұлын үйлендірген Өмірқұл Айниязов келінінің қалыңмалына қанша бергенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өмірқұл Айниязов "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақта болып, ұлының үйлену тойына қатысты ел білмейтін жайттарды ақтарды.

"Шығыс жақ орамал тақпайтыны болмаса, қалыңмалын да сұрамайды екен. Ол жағы жақсы екен. Бірақ біз елден қалмайық деп, халық қазір не беріп жатыр, соны бердік. Ырымын да,  бәрін де жасадық. Бізде Қызылордада оған қатты қарайды. "Өмірқұл келініне ештеңе апармапты" деп өзіміздің де адамдар айтуы мүмкін. Нұртас (Айдарбеков – ред.) сияқты бердім деп айтпай-ақ қояйын. Сол әкесінің жағалы киімі бар, анасы мен қызының гауһартасты бұйымдары бар. Соның барлығын қосқанда 10 мың доллар болмаса да, соған жақындап қалды", – деді әртіс.