Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Соңғы кездесу деп кім ойлаған»: Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды

Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында өнердегі әріптесі болған марқұм Ақжол Мейірбековты еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Соңғы кездесу деп кім ойлаған»: Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды
фото: әлеуметтік желіден

Өз жазбасында әнші өмірден өткен әріптесінің үйіндегі соңғы басқосуды жариялаған. 

Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын, - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, 25 қарашада "Дос-Мұқасан" ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті.