Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Менен сұрамайды»: Төреғалидің келіншегі күйеуінің екінші әйел алуына қатысты ойын ашық айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлі соңғы сұхбаттарының бірінде болашақта тағы бір әйелді жар етуге қарсы емес екенін айтқан болатын. Әншінің бұл мәлімдемесіне өнер иесінің заңды әйелі Толқын Тұрарбекқызы пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz. 

«Менен сұрамайды»: Төреғалидің келіншегі күйеуінің екінші әйел алуына қатысты ойын ашық айтты
фото: әлеуметтік желіден

Толқын Тұрарбекқызы күйеуінің қызу талқыланып жатқан сұхбатынан кейін Instagram парақшасында пікір білдірді. Ол жолдасының екінші әйел алуына қатысты қандай көзқараста екенін ашық айтты.

Біріншіден, тағдырыма екінші әйел алу жазылған болса, аламын, жазылмаған болса, алмаймын деді. Екіншіден, екінші әйел алатын болса, менен сұрамайды. Міндетті емес. Сондықтан қарсымын ба, жоқ па айта алмаймын. Иә, ауыр мүмкін, бірақ ақиқаты сол, - деп жазды ол.