Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Наркенже Серікбаева: әнді қоятын шығармын

Танымал дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева «Ұйқым келмейді» бағдарламасында марқұм күйеуін айтып, көз жасына ерік берді. Сұхбат барысында өнер иесі жұбайына арнап, «Тағдыр» атты әнге бейнебаян түсіргенін жеткізді. 

Наркенже Серікбаева: әнді қоятын шығармын
Фото: видеодан скриншот

- Халықтың алдына шыққанда көз жасымды көрсетуге қысыламын. Бірақ адамның жан дүниесі сөйлегенде, көзінен жас тоқтамайды. Ол кісінің қандай екенін сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өте жақсы адам еді. Маған барлық нәрсені ұғындырып кетті. Ол кісіге еркелейтінмін, ренжитінмін. Ол кісіге тұрмысқа шықпай тұрып, қайсар болатынмын. Бойымда ер адамға тән мінез көп еді. Алайда ол кісі маған әйел деген нәрсені ұғындырып кетті. Біз бірге 4 жыл 7 ай өмір сүріппіз, - деді әнші.

 
Наркенже Серікбаева өнерден алыстағысы келетінін айтты:

- Ол кісімен жүрген кезде, өнерді қойғым келетінін жиі айтатынмын. Ол кісімен бірге жұмыс істегім келді. Сол кезде күйеуім бұған қарсы болды. «Сен домбыраңды тастама, баяғы жыр-термелеріңді айтшы» деп айтатын. Күйеуім қайтыс болғаннан кейін де өнерді қоямын деп ойладым. Әлі де сондай ойым бар, - деп бөлісті ол.