Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Актер Жанболат Найзабеков сырқаттанып қалды

"Өнер қырандары" театры актер Жанболат Найзабековтың денсаулығына байланысты, алдағы концерттерге қатыса алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz. 

Актер Жанболат Найзабеков сырқаттанып қалды
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі дәл сахнаға шығар алдында белі ауырып, жедел жәрдем шақыртқан. 

Театр өкілдері әртістің ауырып қалған сәтінен видео жариялап, оның алда болатын шараларға қатыса алмайтынын хабарлады. Бейнежазбада Найзабековты жедел жәрдем ауруханаға алып кеткенін көруге болады. Сонымен қатар концерт алдында әртіске имам келіп дем салған.

Көз тидіма, сөз тидіма? Жанболат аға алдағы төрт күн концертке шыға алмайды. Концертіміздің алғашқы сеансында белінің тамыры тартылып ауырып қалды. Содан жедел жәрдем шақыртып, емханаға барып укол салдыртып қайтты. Келесі күнгі сеанстың алдында белі тағы ауырып қалды. Содан Ақтөбе қаласы Родниковка аулының мешіттің имамы Айбек ұстазымыз кешімізге келіп қалған екен. Сол мүмкіндікті пайдаланып ұстазымызды шақыртып Жанболатқа дем салды, – деп жазды театрдың жеке парақшасы.

Сонымен қатар "Өнер қырандары" Жанболат Найзабековке дем салған имамға кіші қажалыққа жолдама сыйлады.