Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Саят Медеуов достары сыйлаған көлікті неге мінбейтінін айтты

Әнші Саят Медеуов «Ұйқым келмейді» бағдарламасында достары 50 жас мерейтойына сыйлаған көлік туралы көзқарасын ашық жеткізді. 

Саят Медеуов достары сыйлаған көлікті неге мінбейтінін айтты
Фото: видеодан скриншот

Еске салсақ, Мейрамбек Бесбаев бастаған шоу-бизнес өкілдері бірнеше апта бұрын Саят Медеуовке су жаңа көліктің кілтін табыстаған еді. 

«Сыйлыққа берген аттың тісіне қарамайды» дейді халқымыз. Достарыма рахмет, көңіл-ниеттеріне алғыс. Ол көлікті маған бермесе де болатын еді. Бірақ өздерінде беруіміз керек, құрметтеуіміз керек деген ой болды. Осындай сыйлық жасаған достарымнан айналып кетейін, көңіл ғой. Ештеңе сыйламаса да болатын еді, достыққа ештеңе жетпейді, - деп бөлісті ол. 

Бірақ әнші жаңа көлікті мінбей жүргенін айтты. 

Мен бұл көлікті мінбейтінімді олар жақсы білді. Бірақ қалай да сыйлық беруіміз керек деп, концерттен соң әкеп берді. Ол көлік қазір үйде жоқ. Орнына достарым әперген көлік деп басқа көлік аламын деп отырмын. Өзіме ұнайтын көлік алғаным дұрыс, деді ол.