Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қауын сатқан кездерім де болды - Нұргүл Мыңғатова

«Келінжан» сериалындағы Балқия рөлімен елге танылған белгілі актриса Нұргүл Мыңғатова «Ұйқым келмейді» бағдарламасында өмірі жайлы бұрын айтылмаған деректерді бөлісті. Өнер иесі еңбекке ерте араласып, түрлі кәсіппен айналысқанын жеткізді. 

Қауын сатқан кездерім де болды - Нұргүл Мыңғатова
Фото: видеодан скриншот

Не сатпадым мен?! Кішкентай кезімнен бастап бизнеспен айналыстым. Еңбек, Аллаға шүкір, ақталып жатыр. Әрине, оның бәрі керемет өмірден емес қой. Ақша табу керек болды. Өзім де бір орында отырмайтын адаммын ғой. Көк базарда қауын сатып алатынмын. Бір қауынды 50 теңгеден алып, үстінен ақша қосып саттым, дейді ол. 

Актриса бұл кәсіппен 6-7 сынып оқушысы болған кезде айналысқанын айтты. Бұдан бөлек тамақ сатқанын да, даяшы болғанын және казинода жұмыс істегенін де жасырмай бөлісті.