Әлеуметтік желіде Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтердің құдалық кезінде көрпе жамылып жатқан видеосы тарап, елдің қызу талқысын тудырды. Желідегілер ерлі-зайыптының әрекетіне жарыса пікір білдіруде, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сілтеме жасап.
Қайрат Нұртастың ата-анасының құдалықтағы видеосы Tik-tok желісінде жарияланды. Бейнежазбадан олардың құдаларға арналған ақ көрпеге жатып, аунағанын көруге болады. Ерлі-зайыптының әрекеті желіде бірден қызу талқыға түсті. Оқырмандардың бірі оларды сынап жатса, енді бірі олардың үнемі көңілді жүретініне тәнті болған.
"Не салт шығарып алған?", "Осындай салт туралы естімеппін. Қазақтардың шығармайтыны жоқ", "Сондай тамаша жұп. Әрқашан осылай қуанып жүре беріңіздер", "Қарапайым жандар. Еш жалғандық жоқ. Бақыт деген осы", "Құдалықтың осы жері бір қызық", "Бірнеше рет қайталап көрдім. Күлкімді тоқтата алмай жатырмын", "Құдалықтарыңыз мың жылдық болсын", - деп жазуда желі қолданушылары.
Айта кетейік, аталмыш видеоның нақты қай кезде түсірілгені белгісіз.