Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Актер Ерболат Төлеген өнеріне сын айтқандарға жауап берді

Шімән апа образымен танылған актер Ерболат Төлеген «Ұйқым келмейді» бағдарламасында сұхбат беріп, өнеріне сын айтатындарға жауап берді.

Актер Ерболат Төлеген өнеріне сын айтқандарға жауап берді
Фото: видеодан скриншот

Өнердің төрінде жүрген, мүйізі қарағайдай ағалардың «әйел образы» деп өнеріме кезінде сын айтқаны бар. Бірақ ондай сөзді кезінде неге Құдайберген Сұлтанбаев ағамызға айтпады екен? Әлде батылы жетпеді ме? Құдайберген ағамыз әже образын сомдап, әже болып кеткен жоқ қой. 

Оның айтуынша, әр адам кәсібіне қарай өз ісімен айналысу керек. 

- Мен 4 жыл «Актер» мамандығы бойынша оқыдым. Иә, театрда немесе кинода да ойнауға болады. Бірақ елімізде монополизм басым. Әзіл айтуды да өнер деп білу керек. Шімән апа – менің сахналық образым, онда тұрған ештеңе жоқ. Менің өміріме, бала-шағама оның қатысы жоқ. Біреуге сын айту үшін мен өзіме 3 сұрақ қоямын: осы уақытқа дейін мен не істедім? Қазір не істеп жүрмін? Алдымда не күтіп тұр? Өздері түк бітірмесе де, сынайтын кісілер бар. Оларға да осы сұрақтарды қоюға кеңес беремін, - деп бөлісті Ерболат Төлеген.