Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әли Оқаповқа берілген марапат өзінде қалды – министр

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әнші Әли Оқаповтың «Құрмет» орденіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Әли Оқаповқа берілген марапат өзінде қалды – министр
фото: әлеуметтік желіден

Министрдің айтуынша, елімізде әр адамның еңбегі бағаланады.

«Қазақстанда өзге салада еңбек ететін еңбек адамдарына да берілді. Бірақ олардың алғаны назардан тыс қалды. Бұл жақсы тенденция емес. Әли Оқапов әлеуметтік желідегі хейттен кейін мемлекеттік награданы қайтарып беремін деп эмоцияға берілді. Қазір бізде барлық мәселе бойынша сарапшылар көбейіп кетті. Әрине, мен Әли Оқаповпен сөйлестім. Қазір ол сабырға келіп, басылды. Қазір мұндай мәселе бар деп ойламаймын», - деді Аида Балаева Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Мәдениет және ақпарат министрі әншінің өзімен жеке сөйлескенін айтты.

«Ол шығармашылық адам ретінде эмоционалды түрде айтты. Шынымен де, оны жан-жақтан барлығы талағаннан кейін ауыр тигенін айтты. «Менің еңбегім емес, анаммен бағалап жатқанына шыдамадым» деді. Қазір ондай мәселе жоқ, барлығы дұрыс. Оның ордені өзінде қалады», - деді Балаева.

Айта кетейік, Республика күніне орай әнші Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған еді.

Әлеуметтік желіде бұл қызу талқыланып, оның бұл орденге лайық еместігі жайлы пікір көп айтылды. Осы жағдайдан кейін Әли Оқапов мәлімдеме жасап, марапатты қайтарып беретінін айттты.