Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Кемшілігі – оның нәпсісі»: Төреғалидың әйелі отбасындағы қиындықтар туралы айтты

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмысқа шыққан жылдары мен бастан өткен қиындықтары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

«Кемшілігі – оның нәпсісі»: Төреғалидың әйелі отбасындағы қиындықтар туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Төреғали Төреәлінің әйелі қыз-келіншектерге мінсіз адамды іздемей керісінше, ер азаматтарының кемшілігін қабылдай білу керегін айты.

Үйленген сәтімізді еске алатын болсақ, бәріміз тулаған сезіммен, үлкен бақытқа үмітпен қарадық. Отбасылық өмір, күнделікті тіршілік, екеудің бірі-бірінің кемшіліктерін көре бастауы араны суытады. Адамның кемшілігі – оның нәпсісі. Тұрмыс құра сала әйелдер жарының кемшіліктерін көріп, бірден қалған жақсылықтарын көрмей қалады. Яғни, мінсіз иллюзиясына жете алмай, жиі көңілі толмайды. Осыдан салыстыру басталады. Қазіргі уақытта әлеуметтік желідегі әдемі көріністерді көріп, өзінің өміріне көңілі толмай отырған әйелдер көп. Салыстыру өзіңдегіні көрмеуге әкеп соғады. Барыңды көрмей, жоқты іздейсің. Адам не нәрсеге көңіл аударса, сол көбейеді. Осы жерден ұрыс басталады. “Отбасы бақыты, үй алғанда бәрі жақсы болады, жұмысым ауысқанда күшті болады” сынды нәрселерге байланбау керек, – дейді Төреғалидің әйелі. 

Одан бөлек бар ойы өзіне сұрақ қойып, соның шешімін табуда болғанын айтады.

Кәусар туған соң 5 жылдай екі жақта өмір сүрдік. 3 айда бір кездесетін кездер болатын. Сол екі жақта жүргеніміз біздің махаббатымызды күшейтпесе, сөндірген жоқ. Иә, қиындығы көп болды. Ең бірінші – сағыныш. Бірақ махаббаттың хақысы бар ғой? Қиындықта күш беретін махаббат емес пе? Мен “Жарым неге өйтпейді, бүйтпейді?” деген жоқпын, бар ойым “мен қандай жармын? Осы сұраққа қалай жауап беремін?” деген оймен жүрдім, – дейді Толқын Тұрарбекқызы.