Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Абай Бегейдің ұлы өз тойында әкесінің қазіргі әйелі туралы айтты

Әнші Абай Бегейдің ұлы Жалғас өз тойында әкесінің қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

Абай Бегейдің ұлы өз тойында әкесінің қазіргі әйелі туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Жалғас тойда марқұм анасына отбасының әр мүшесі мен олардың қазір қалай өзгеріп, немен айналысып жүргені туралы айтып береді. Осы кезде әкесінің қазіргі әйелі туралы да сөз болады.

"Сіздің жоқтығыңызға үйренісуіміз үшін әкем көп қиналып, қатты тырысты. Аяғымыздан тік тұрғызу үшін күн-түн демей, еңбектенді. Аллаға шүкір, әкемнің де жағдайы жақсы. Сіз кеткен соң орныңызды жоқтатпай, аналық мейірімін көрсетіп жүрген Фариза апам келді. Бізбен сырлас дос, кез келген уақытта қолдап, "Балам" деп жылуын шашып жүреді", - деді ол.