Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Арабқа тиіп ал, бәрібір байсыз жүрсің»: Индира Расылхан жылап қалды (ВИДЕО)

Әнші Индира Расылханға әлеуметтік желідегі оқырмандары түрлі жағымсыз пікірді қарша боратқан. Ауыр сөз сүйегіне өткен әнші ағыл-тегіл жылап жіберді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Арабқа тиіп ал, бәрібір байсыз жүрсің»: Индира Расылхан жылап қалды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Өнер иесінің айтуынша, ол желідегі оқырмандарының орынсыз сын-пікірінен, ащы сөздерінен шаршаған. Әнші тіпті көпшілікке ренішін жеткізді. 

Осы албастыларды көрсем жыным келеді. Неге қазақтың киімін кимейсіңдер? Олай болса ақшасы көп арабқа тиіп ал. Солардың қатыны бол, бәрібір байсыз жүрсің ғой, – деп жазған бір желі желі қолданушысы әншіге жазған. Бұл сөз көңіліне тиген әнші көз-жасына ерік берді.

Сөзім жоқ шынымен…Мен осындай комментарийден шаршадым. Сіздер неге бір сәтке «Мен кімнің ақысына кіріп жатырмын? Адамның ақысына кіріп жатырмын ғой. Ертең Алланың алдында жауап беремін ғой. Олардың істеп жатқаны дұрыс шығар? Бәлкім, орамалға келу керек шығар? Алланы тануым керек шығар?» деп сәл ойламайсыздар? Менің қандай күйде жүргенімді білмейсіздер. Мен орамалды жай ғана тағып кете салған жоқпын. Қанша түндерде жасаған дұғаларым бар, Алладан сұрағаным бар. Сол нәрсені адам деген түсіну керек. Адамның хақысына кірмеңіздерші, өтініш. Менің де көңілім бар, әр адамның көңілі бар. Көңілге кірер кезде ойлану керек. «Алланың алдына барғанда не деп жауап беремін?» деген сұрақтарыңыз бірінші тұрсыншы, – деп Индира Расылхан жылап жіберді. 

Оның бұл видеосын көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бір бөлігі қолдау білдірсе, енді бір бөлігі даттай жөнелді.