Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Шешімді өзім қабылдадым»: Балжан Бидаш ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты

Әнші Балжан Бидаш Жаһан Отарғалиевпен ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты. OZMZғой бағдарламасына келген өнер иесі үш жылдық тұрмыстық өмірі жайлы сыр шертті, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Шешімді өзім қабылдадым»: Балжан Бидаш ажырасуына не себеп болғанын ашып айтты
Фото: видеодан скриншот

"Бұл шешімді өзім қабылдадым. Өмірлік құндылықтарымыз сай келмеді. Жахан өте ақкөңіл, досқа адал жан. Мінезіміз сай келмеді. Бір-бірімізді түсіну қиын болды. Әзірге тек осы нәрсені ғана айта аламын. Мені ешкім қинаған жоқ. Осы үш жылдық тұрмыста есейдім деп айтсам болады. Сөйтіп, өз шешімім осы болды. Ажырасқанымызға төртінші ай өтіп жатыр. Басында қатты қиын кезең болды. Өте үлкен күйзеліс болды. Шешім қабылдап кеткеннен кейін, пәтер жалдадым. Осыдан кейін менің белсенді өмірім басталды. Күйзелістен барынша алыстауға тырыстым. Бірақ іштей бір мұң, сағыныш мазалайды. Оңай емес қой. Қанша жыл бірге тұрған адам, бірге өмір сүрдім. Ол өмірді бірден өзгерту оңай болған жоқ. Менде қазір үй алу, пәтер алу керек деген жоспар бар. Қашанғы пәтер жалдап, такси қызметіне жүгінеміз", - деді Балжан Бидаш.