Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Әртіс адамға кім шыдайды»: әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін ашып айтты

Әнші Серікбол Сайлаубек отбасылық өмірі жайлы ел білмейтін құпиясын бөлісті. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әйелімен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты, деп жазады Paryz.kz Nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Әртіс адамға кім шыдайды»: әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін ашып айтты
Фото: видеодан скриншот

Бағдарлама барысында әнші балалары жайлы айтты.

"Шыны керек, уақыт жоқ. Анасы, апасы тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, мен үйде пәтер жалдаушы сияқтымын. Бір-екі күн боламын, қайта кетемін. Қазақ елі кең, үлкен. Тойға шақырады. Енді не істейміз? Бала-шағаны асырау керек. Қолдан басқа не келеді? Маңдайымызға жазылғаны осы енді", - деді Серікбол Сайлаубек. Сонымен қатар әнші әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жылдың жүзі болғанын да баяндап берді. "Халықты алдамай-ақ қояйын. Ажырасып кеткенімізге 4-5 жыл болды. Енді үйде болмаймыз, әртіс адамға кім шыдайды? Ол кісі қазір өзімен өзі. Мүмкін менің де қателігім бар шығар. Қазір мен бойдақпын. Балаларымыз екі жақта жүре береді. Халық білсін, айту керек", - деді Серікбол Сайлаубек.