Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Өзін аяғанды ұнатпайды». Актер Жан Байжанбаев алғаш рет әйелі туралы айтты

Актер Жан Байжанбаев көпшілікке алғаш рет жұбайын көрсетті. Ол Instagram парақшасында желі қолданушыларының әйелі жайлы жиі сұрайтынын айтты, деп жазады Paryz.kz.  

«Өзін аяғанды ұнатпайды». Актер Жан Байжанбаев алғаш рет әйелі туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

"Менен әйелімнің суретін неге жарияламайтынымды сұрайды. Бүгін әйелімнің туған күні болғандықтан, сурет жариялаймын. Есімі - Гүлдана. Ол өзін жариялағанды ұнатпайды. Оны фильмге түсуге шақырды. Бірақ бас тартты. Ол тіпті менімен кино көрсетіліміне, басқа да көпшілік орынға бармайды. Өзін аяғанды ұнатпайды. Өмірімде жұбайымнан артық өсек пен қызғаныштан, екіжүзділік пен тәкаппарлықтан аулақ әйелді көрген емеспін. Әзілді жақсы көреді. Онымен адамдар танысқысы, араласқысы келсе де, ол үшін ең жақын құрбы - қыздары.

Менің жақындарым мен достарым, күйеу балаларым оны сыйлайды, жақсы көреді. Дей тұрғанмен, біз жиі керісіп қаламыз. Менімен базар аралап, азық-түлік алғанды ұнатпайды. Бәрін өзі істегенді қалайды. Шағын техниканы өзі жөндей салуы мүмкін. Керемет ас дайындап, тоқыма және тігін тігумен айналысады. Ешқашан бірнәрсе сатып алып беруді сұраған емес. Мен гүлді де жиі сыйламаймын. Брендті қаламайды, сауда жасағанды ұнатпайды.

"Жаным, махаббатым, қымбаттым" деген сөздерді айтпайды. Махаббатын сөзбен емес, іспен дәлелдейді. Біз тіпті әлеуметтік желіде бір-бірімізге жазылмағанбыз. Туған күніңмен, қымбаттым", - деп жазды Жан Байжанбаев.