Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Жаһан қайта қосылайық деді»: Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы шындықты айтты

«Кеш YOU» тобының экс-әншісі Балжан Бидаш жеке шығармашылығын қайта қолға алды. Ол 3 жылдан аса уақыт өнерден қол үзген еді. Өнер иесі Harper’s BAZAAR Kazakhstan-ға эксклюзивті сұқбат беріп, соло мансабындағы жаңалықтарымен бөлісіп, экс-күйеуімен ажырасу себептерін айтты, деп хабарлады Paryz.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жаһан қайта қосылайық деді»: Балжан Бидаш жеке өмірі жайлы шындықты айтты
фото: әлеуметтік желіден

Күйеуіңіздің тарапынан қойылған шектеулер мен талаптар ажырасуға себеп болды ма?

Бұл өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию, аздық етеді. Ең бастысы, жүрек тыныштығы. Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан  арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында, ортамызды суытты. 

Экс-күйеуіңіз Жаһан Отарғалиев шаңырақтарыңыздың шайқалғанын бірінші жария етті. Ол: «Бәрі бітті», — деген stories салды. Көрдіңіз бе? Бұл ортақ шешім бе?

Расын айтсам, бұл видео ешқандай эмоция тудырған жоқ. Дәл сол сәтте маған бәрібір болды. Жаһанның қызба мінезді екенін білемін. Кейіннен  сол ісіне өкініп қалғандай болды. Негізі, Жаһан - өте мейірімді адам, сенімді дос, алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын жан.

Достық қарым-қатынаста қала алдыңыздар ма?

Ажырасуды мен қаладым. Бір күнде шештім де, кеттім. Дегенмен, эмоцияға берілмей, оған дер кезінде қолдау білдірдім. Өйткені ол кезең оған да ауыр. Ниетім түзу екенін көрсеттім.  

Шыны керек, көптеген оқырмандар үшін үлгілі жұптардың бірі болдыңыздар. Бұл жаңалықты аудиторияңыз қалай қабылдады?

Ешқандай блогер өзінің минустарын, ішкі кухнясын, шынайы бейнесін әлеуметтік желіге шығармайды. Біз де сондай инфлюенсерлердің  қатарында болдық. Конфликттерді көрсетпедік. Бақытты, қуанышты сәттер де болды. Біздің «позитивті» видеоларымызға үйреніп қалған оқырман, екі жаққа кеткенімізді қабылдай алмады. Басында сенбеді. «Жол» фильмі алдында жасалып жатқан PR қадам деп топшылады.  

Қайта қосылуларыңыз мүмкін бе?

Жаһанның табиғаты бөлек. Тіпті,  кешірім сұрауы да басқаша. Менің адамым емес екенін сездім. Қайта оралмайтынымды өзі де бірден түсінді. Дос болып сөйлесіп жүрдік. Сол аралықта Жаһан қайта қосылайық деді. Келіспедім. Себебі: болашақ көрмедім.

«Ажырасу – кіші өлім», — дедіңіз. Күйзелісті қалай еңсеріп жатырсыз?

Айрылысқанымызға 3 айдан асты. Бастапқы екі ай өте қиын болды. Жұмысқа бірден кірісіп, алдануға тырыстым. Қанша дегенмен, бауыр басып үлгердім. Сағыну болды.  Бірақ уақыт тез өтіп кетті. Жаратушыдан да қолдау сездім. Соңғы нүктеге өзім шешім қабылдағандықтан «қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер» деген жауапкершілік болды.