Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Жаңа келінге»: Гүлзира Айдарбекова қызу дайындықты бастап кеткенін айтты

Гүлзира Айдарбекова жақында кіші ұлы Заңғардың "тәтті шайын" өткізген болатын. Болашақ құдаларымен танысқан продюсер келін түсіруге дайындық бастап кеткенін айтты, деп жазады Paryz.kz. 

«Жаңа келінге»: Гүлзира Айдарбекова қызу дайындықты бастап кеткенін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Жаңа келінге барлығын жаңадан алдық. Дайындалып жатырмыз. Қара қазан алдым. Жалпы үйдегі қазанды біреуге беруге, тастап кетуге болмайды. Жіңішке ғана келінге орташа оқтау алдық. Тойдың болатынынан боладысы қызық. Дайындық басталды, - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың кенже ұлы Заңғар көпшілікке жаңа сүйіктісін таныстырған болатын.