Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Өмірі ұзақ болсын»: Серікзат Дүйсенғазы елуді еңсергенде дүниеге келген ұлы жайлы айтты

Айтыскер ақын «Ұйқым келмейді» бағдарламасында күні кеше өмірге келген сәбиі туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Өмірі ұзақ болсын»: Серікзат Дүйсенғазы елуді еңсергенде дүниеге келген ұлы жайлы айтты
Фото: видеодан скриншот

Бұрын менің ұлым да болды, қызым да болды. Әлихан марқұм баламның кетуі мен араға он айдай салып, өмірге осы баламыздың келуі кішкене ойландырады. Жасым да елуді еңсерді. Құдайдың құдіреті, сансыз шүкірлік. Жеңгелеріңіздің жағдайы жақсы. Баланы көрдім. Өзімнен айнымайтын қара бала өмірге келіпті. Әлихан да дәл осылай өмірге келді. Әлихан өмірге келгенде, айтыс болып жатқан. Алла ұзағынан сүйіндірсін. Бұл баламның өмірі ұзақ болсын деймін. Балаларымды ғылымға, өнерге тәрбиелеуге тырысамын. Сондай болсын деп тілеймін, - деді Серікзат Дүйсенғазы.