Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Аз сүйіс, көп сөйлес»: Танымал тележүргізуші қыздарға ақыл айтты

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында “Сіңіліме сыр” айдарында қыз-келіншектерге болашақ күйеуімен жақсы-қарым қатынас құрудың жолын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Аз сүйіс, көп сөйлес»: Танымал тележүргізуші қыздарға ақыл айтты
фото: әлеуметтік желіден

Дина Төлепберген қыз бен жігіт үйленіп үй болмас бұрын түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, бір-бірімен ашық сөйлесуді қолдайтынын айтты.

Аз сүйіс, көп сөйлес. Тұрмысқа шықпас бұрын тергеу жүргізу – ұят емес. Мен өзімнің махаббатым – күйеуіммен үш жыл кездестім. Біреулерге ұзақ уақыт болып көрінуі мүмкін. Бірақ мәселе қанша уақыт бірге өткергеніңде емес, бір-біріңді қаншалықты танып-білгеніңде. Кездесуге шақырғанда, менің күйеуімнің даналығы сол, ол маған болашақ кездесуіміздің тақырыбын алдын ала ұсынатын. Мысалы, ақша, бала, ата-ене, үй, дүние-мүлік, мінез-құлық, ұрыс-керіс, тіпті шұлыққа дейін. Өйткені мен шұлығын шешіп тастап кететін жігіттерді жек көремін. Басында маған бұл біртүрлі көрінетін. Бірақ қазір соның рахатын көріп жүрмін. Сондықтан, қымбатты сіңілілерім, бос аймаласып жүрмей, санаға сәуле қондырыңыз. Сұрау – ұят емес. Басында “жаным” деп, кейін жаныңды жейтін жігітпен күрсініп өмір сүру – ұят, – дейді Дина Төлепберген.