Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Айгүл Мүкей Қыран Талапбектің екінші әйелін сынап тастады

Танымал тележүргізуші, актриса Айгүл Мукей Гүлзада Тұрлаштың әйелдерге арналған курсына сын айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz.  

Айгүл Мүкей Қыран Талапбектің екінші әйелін сынап тастады
фото: әлеуметтік желіден

Бұл туралы тележүргізуші Instagram-парақшасында бөлісті. 

Қыран Талапбекті құрметтеймін, талант... Оның да жары да жақсы адам шығар... бірақ мынадай жолмен  бітпейтін курстарды сата беру - қайғылы жағдай және өте жаман мысал. Оның айтпағы басқа болғанын жазбай-ақ қойыңдар, мен естігенімді естідім. Қыздар, ақша тапқыларың келеді, түсінемін, "күйеуіңнен ақша сыпырып алу" курсы күлкілі емес, ақылға сыймайды, - деп жазған Айгүл Мүкей. 

Естеріңізге сала кетейік, Қыран Талапбектің екінші әйелі Гүлзада Тұрлаш өзінің авторлық курсын әлеуметтік желіде жарнамалаған еді. Онда ол қыз-келіншектерге ер адамнан қалай сыйлық алуды үйрететінін айтады.