Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен болған жанжал туралы шындықты айтты

Әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс «Ұйқым келмейді» бағдарламасында қонақ болып, өнердегі әріптесі Бақыт Шадаевамен қарым-қатынасы туралы айтты. 

Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен болған жанжал туралы шындықты айтты
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесінің айтуынша, Бақыт Шадаеваның айтып жүргені бос әңгіме, екеуінің арасында ешқандай талас болмаған.

Мұның бәрі бос әңгіме. Арамызда ешқандай үй де, талас та болған жоқ. Бақыт Шадаева хайп жасағысы келген болар. Біз кезінде бірге жақсы жұмыс істегенбіз, көп әндерді бірге жаздық. Мұндай ойды оған жанында жүрген продюсерлері салды деп ойлаймын. Оның үйін тартып алып, ақшасын бермей қойғаным – бос әңгіме. Ешкім ешкімге қарыз емес. Егер шынымен де Бақытқа қарыз болсам, қазір түрмеде отыратын едім. Сондықтан алаяқтық та, басқасы да болған жоқ. Еңбек еткенім рас, Бақыттан ешқашан үй алған емеспін», – деп нүктесін қойды Сейфуллин Жолбарыс. 

Бағдарлама барысында мәлім болғандай, ол Бақыт Шадаевамен қазір мүлдем араласпайды.