Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Адамдар ұқсата бастады»: Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің «егізі» табылды

Елімізге танымал қос хитмен Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі" табылды. Асанәлі мен Нұрахмет есімді азаматтар "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ел көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Адамдар ұқсата бастады»: Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің «егізі» табылды
Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің "егізі". Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

"Сейітқазы Асанәлі 2002 жылы өмірге келгенмін. Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ақарал ауылынанмын", - деді Қайрат Нұртастың "егізі".

Ал Төреғалидің "егізі" алматылық азамат болып шықты. "Шу қаласында дүниеге келгенмін. Негізі Алматыныкімін", - деді Төреғалидің "егізі".

"Екеуіміз әлеуметтік желіде стримда жолықтық. Менің қолдаушыларым "Төреғалиға ұқсайтын жігітпен батл ойнашы" деп жазды. Сол жерде танысып, қазір бауыр боп кеттік. Маған шашымды өсірмей тұрып та, мектепте, ата-анам "Қайрат Нұртасқа көзің, түрің ұқсайды" деп те айтатын. Кіші інім бар, үйде екеуміз. Қайрат Нұртаспен еш туыстық қатынасымыз жоқ. Қайрат Нұртасты өмірде көрмегенмін", - деді Асанәлі.

Ал Нұрахмет өзінің әнші Төреғалиға ұқсастығын бірнеше жылдан кейін байқаған.

"Үш-төрт жыл бұрын ұқсастығымызды байқадым. Сақал қойғалы адамдар ұқсата бастады. Анам өзі Төреғалидің әндерін жақсы көреді. Мені де үйде "Төрешім" деп еркелететін. Анам үйде, әкем 15 жыл бұрын өмірден өткен. Үйде төрт бауырмыз. Екі қарындасым, бір інім бар", - деді Төреғали Төреәлінің "егізі".